Қазгидромет: Сәуірдің 24-і күнгі ауа райы болжамы

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұршақ жаууы ықтимал. Сондай-ақ жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 метрге жетеді, екпіні 23-28 метр болады.
Түркістан облысының кей жерлерінде бұршақ жауып, жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Алматы, Ақмола, Қарағанды, Қызылорда облыстарында күндіз жел көтеріліп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аумағына тұман түседі.