Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алу шаралары атқарылуда

Аудан аумағында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының табиғи ошағында қоныстанған аудан тұрғындарын қорғау жөніндегі шараларды жүргізу мақсатында арнайы мекеме келіп, Арал қаласы мен ауылдық округтерде бекітілген кестеге сәйкес кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуді бастады.
Осы ретте залалсыздандыру жұмыстары жүргізілмес бұрын әрбір тұрғын мал ұстайтын қораларына санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізу үшін алдын ала дайындап қою керектігін ескертеміз.
Сонымен қатар механикалық тазарту жұмыстарының қорытындысында арнайы топ елді мекендерді аралап мониторинг жүргізетін болады.

