Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Суда шомылу аса сақтықты қажет етеді

Суда шомылу аса сақтықты қажет етеді

Суға шомылу маусымы басталып кетті. Оқушылардың бәрі демалысқа шыққан. Демалысты қызықты, әрі есте қаларлықтай өткізу үшін олар міндетті түрде суға шомылады. Алайда, суға шомылу кезіндегі қарапайым қауіпсіздік ережелерін балалардың бірі білсе, бірі біле бермейді. Білсе де дұрыс сақтамайды. Балалар тұрмақ, үлкендердің өзі қауіпсіздік ережелеріне аса қатты мән бере бермейді. Соның салдарынан әр түрлі оқыс жағдайлар жиі кездесіп жатыр.
Расында аптап ыстықта судың жағасына келіп, салқындағысы келетін тұрғындар көбіне қауіпсіздік қағидаларын қаперіне де ілмей, түрлі жағдайларға душар болып жатады. Соның салдарынан суға кетіп қалу фактілері жиі тіркеледі. Мұндай келеңсіз жағдайларды болдырмау және алдын алу мақсатында ауданда жұма, сенбі, жексенбі күндері үзбей рейд жұмысы жүргізіліп келеді. 
Жақында ғана Арал аудандық индустриалдық-техникалық колледж студеттеріне судан сақтанудың қауіпсіздік шарасы жөнінде үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Арал теңізі вокзалының радио торабы арқылы нұсқаулықтар да оқылып, білім беру мекемелері де қауіпсіздік шаралары туралы бейнероликтер көрсетілуде. Және Халыққа қызмет көрсету орталығында LED экран арқылы бейнероликтер топтамасы жұртшылық назарына ұсынылуда. Алдағы уақытта мұндай игі жұмыстар өз жалғасын табатын болады.
Бала өмірі бәріміз үшін маңызды. Балалардың жазғы каникул уақытында бос уақытын қалай пайдалануына ата-ана мән беріп қадағаласа дейміз. Әсіресе, аптап ыстықта суға түсуіне қадағалау жасап, сақтану жолын айтып ескертіп отырғаны абзал. 

Расул ЕСПЕМБЕТОВ,
Арал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты.
01 маусым 2021 ж. 1 076 0