Суға түсу кезінде қауіпсіздік ережесін сақтайық

Суға әр түрлі жас топтарындағы адамдар түседі. Бірақ суға батқандардың көбісі-жас ер азаматтар. Су айдындарында адамдардың қаза болуының себептері де әртүрлі. Суға батқандардың жартысы ережені бұзған азаматтардан құралса, үштен бірі мас күйінде, енді бірі тыйым салынған орында суға шомылғандар, ал қалғандары үлкендердің қарауынсыз қалған балалар.
Суға түсуге барған адамдар төменде көрсетілген қағидаларды ескеру қажет!
* қауіпсіз немесе арнайы белгіленген жерлерден, жағажайларда және шомылатын
жерлерден бөлек жерлерде суға түсуге;
* суға шомылып жатқан балаларыңызды қараусыз қалдыруға;
* суда ойнауға, тентектік жасауға;
* шомылу барысында камера, доп, ағаштарды пайдалануға;
* жаяу жүргінші және көлік көпірінен суға сүңгуге;
* жүрек ауруымен ауыратын адамдарға суға түсуге;
* тыйым салынған жерлерде, терең және лай-қоқыс жерлерде суға түсуге;
*судың қатты ағысына тап болғанда, ағынға қарсы жүзуге;
* бейтаныс жерден суға секіруге;
* түнгі мезгілде суға шомылуға;
* таныс емес жерлерде суға шомылуға жол бермеу қажет!
Демалыс орындарында, сауықтыру лагерьлерінде суда өзін қалай ұстау керектігі жайлы нұсқама плакаттар ілінген. Судың қаншалықты қауіпті екендігін, қандай қасіретке алып келетіндігін барша қауым терең ойлап, басты назарда ұстағандары жөн. Су айдындарының көбісі шомылуға арналмаған. Бірақ соған қарамастан, балалар да, ересектер де барып, суға шомылатындары жасырын емес.
Адамның өмірінен артық құндылық жоқ. Сондықтан да, суға түскен кезде қарапайым ережелерді сақтау керек. Сонда ғана тілсіз жаудың қауіп-қатерінен аман қалуға болады. Жоғарыда айтылған ескертпелерді ескерте келе айтарымыз: Арал ауданының тұрғындарына және қала қонақтарына судағы қауіпсіз шараларына немқұрайлы қарамауға шақырамыз!
Арал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі Арал аудандық Полиция бөлімі