Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Маусым айына арналған жұлдыз-жорамал

Маусым айына арналған жұлдыз-жорамал

2021 жылғы маусымға арналған егжей-тегжейлі жұлдызнаманы назарларыңызға ұсынамыз.
Жалпы кеңестер
Атақты астрологтардың айтуынша, жаздың басталуы көптеген белгілер үшін тұрақты болады. Бірақ кейбіреулер тағдырдың күтпеген өзгерістерінен әлі алыстай қоймайды. Астрологтар 2021 жылдың маусым айының қолайлы күндері мен қолайсыз күндерін есте сақтау керектігін айтады:
Сәтті күндер – 1, 16, 17, 23 және 30 маусым. Бұл күндер өзін-өзі дамытуға және маңызды шешімдер қабылдауға өте қолайлы.
Абай болатын күндер – 5 және 6 маусым. Осы уақытта маңызды жоспарлар жасамай, мүмкіндігінше тыныш өткізген дұрыс.
Көптеген белгілер үшін ай жаңалық әкелмейді. Бойдақтар жаңа қарым-қатынасты бастау үшін қолайлы уақытты күтуге мәжбүр болады.
Біреуді сүйіп қалуыңыз мүмкін, бірақ бұл елеулі қарым-қатынас болмауы мүмкін. Егер сіз ерлі-зайыпты болсаңыз, жауапты шешімдер қабылдау сіздер үшін  сәтті болады. Отбасы мен міндеттер бірінші кезекте тұруы керек, содан кейін ғана романтика керек.
Қаржылық жұлдызнама
2021 жылғы маусымға арналған жұлдызнамасына сенсек, жұмыс ты беріле істейтіндер күш-жігері үшін лайықты сыйақы алады. Ал осы уақыт ішінде жалқаулық танытқандар, әрине, өзіне лайықты бағасын алады. Биылғы жылдың символы – Металл өгіз. Ол еңбекқорларды қолдайды және лайықты сыйын береді.
Көп жағдайда шытырман оқиғалардан аулақ болуға тырысу керек. Кез келген маңызды шешімді байыпты түрде қарастырып, өлшеуді ұмытпаңыз. Өз ісіне байыпты қарайтындар ғана қаржымен жетістікке жетеді.
Денсаулық
Өгіз жануар ретінде табандылығымен және үлкен күшімен ерекшеленеді, бірақ ол бәріне осы қасиеттерді сыйлауға қабілетті емес. Маусымдағы жұлдыз жорамалда көптеген адамдардың жүйке жүйесіне қауіп төнетіні, физикалық жағдайы сәл жақсаратыны айтылған.
Үміт үзбеңіз, көп ұзамай бәрі өз орнына келеді. Өз ақыл-ойыңызды басқарып, дұрыс демала білу маңызды.
Тоқты
Тоқтылар әлемге байыпты көзқараспен қарауға мәжбүр болады және бөгде адамдардың жалған уәделеріне сенбейді. Бұл уақыт көптеген жаңа таныстық әкеледі. Бойдақ Тоқты үшін бұл кезең жеке өмірін жақсартудың тамаша мүмкіндігі. Атап айтқанда, кәсіби салада жұмыс істейтін адамдарға назар аударған жөн.
Маусым айына арналған жұлдыз-жорамалда айдың басында романтикалық сапар болатындығы айтылған.
Торпақ
Жаздың бірінші айы бірнеше қиыншылықтарға ұласады: жоспарларыңыз кәсіби қажеттіліктен бұзылуы мүмкін. Мансап пен жеке өмірдің бірін таңдау керек. Ерлі-зайыпты болған Торпақтар өздерінің жан жары туралы бейтарап өсек-аяңдарды естуі мүмкін.
Егіздер
Жалғызбасты Егіздер ыстық маусымда әртүрлі таныстықтарға жолығады, сондықтан сіз гардероб пен сыртқы түріңізді міндетті түрде ретке келтіргеніңіз жөн. Үшінші аптада жаңа кездесулердің ықтималдығы өте жоғары. Кейін құмарлықтан көңіл қалмас үшін мұқият жағдайды бақылау керек.
Белгінің отбасы өкілдері жан серігімен жанжалдан сақтануы керек.
Шаян
Маусымға арналған астрологиялық болжам бұл белгінің айы барлық жағынан перспективалы болады деп сендіреді. Маусым көптеген жаңа кәсіби және романтикалық қарым-қатынастарды уәде етеді.
Жалғызбасты Шаяндар жеке өмірін өзгерте алады. Жұмысында қиындықтарға тап болған белгінің өкілдері жаңа ұсыныстар күтуі мүмкін.
Арыстан
Осы айда сәттілікке жету үшін Арыстандар үнемі назарда, оқиғалардың ортасында болуға тырысуы керек. Бұл отбасылық салаға да, кәсіби салаға да қатысты.
Мұндай көріністер белгінің жалғыз өкілдеріне сүйіктілерін табуға көмектеседі. Өмірлік серігін тапқандар үшін үйлесімділік пен тұрақтылық күтілуде.
Бикеш
Жазды жақсы күндермен бастау үшін ыстық мезгілде шкафты жаңарту артық болмайды. Жұбайын тауып үлгергендер серігінің ашуын туғызуы ықтимал. Сондықтан жұмаыстан гөрі оған көңіл бөлгеніңіз жөн. Екі жақты балансты сақтап, өзіңіздің хоббиіңіз ұмытпай, жарыңызға қысым жасамаңыз. Әйтпесе, жанжалға кезігуіңіз ғажап емес.
Таразы
Таразылар бір көргеннен біреуге ғашық болып қалуы мүмкін. Мұндай кездесудің маңызды қарым-қатынасқа әкелу ықтималдылығы жоғары.
Отбасылы Таразылар жүрегінің екінші жартысына ғана емес, туыстарына да көңіл бөлуі қажет. Отбасындағы қақтығыстарды мүлдем болдырмау мүмкін емес. Бірақ мейлінше болдырмауға тырысуымыз керек. Ұсақ-түйек нәрселерге ашуланбаңыз. Айдың басында айналаңызға мұқият болыңыз.
Сарышаян
Жалғызбасты Сарышаяндар маусымда өзге жанның назарын аударуы мүмкін немесе бірден бірнеше адамды ынтықтыруыңыз да ғажап емес. Достық немесе жұмыс бабы бойынша қоңыраулардың астарында романтикалық ұсыныстар болуы мүмкін. 
Егер сіз бұрыннан отбасылы болсаңыз, артық адамдармен араласуды тоқтатқан жөн. Сондай-ақ, айдың басында сіз орындалмайтын уәделер бермеуіңіз керек:  оның арты жақсылыққа алып келмейді. 
Мерген
Мергендерді осы айда көптеген кездесулер күтуде. Тіпті, олардың кейбірінің арты қарым-қатынасқа ұласады..
Отбасы бар адамдар үшін жұбайына көбірек көңіл бөлген жөн. Себебі жарыңызға жеткілікті көңіл бөлмеу – түсінбеушілікке, жанжалға және асығыс шешімдерге әкелуі мүмкін.
Тауешкі
Айдың басында басы бос Тауешкілер бірқатар таныстықтарға жолығады. 
Белгі өкілдерінің отбасылары көптеген туыстарымен жиі кездесу үшін шыдамды болуы керек. Айдың соңына қарай жұмысқа көп көңіл бөлу керек.
Суқұйғыш
Егер жалғызбасты Суқұйғыш жаңа қарым-қатынасты қаласа, ол бастамашылық танытып, серігін бос уақытын қызықты етіп ұсынуы керек.
Суқұйғыштардың отбасы үшін жаздың бірінші айы туыстарының жиі келгеніне қарамастан, жайлы болады. Бұл ай ерлерге қолайлы болмақ. 
Балықтар
Шығармашылық Балықтар үшін маусым нағыз өркендеу кезеңі болады. Барлық батыл идеяларды өмірге әкелетін уақыт келді.
Сүйіктіңізбен жанжал туындауы мүмкін. Сондықтан өзгелерге қырыңдауды қойыңыз. Сіз өзіңізге деген үлкен құрметті талап етуіңіз керек. Егер үйлену тойы жоспарланған болса, маусым – ең жақсы кезең.

kyzylorda-news.kz
04 маусым 2021 ж. 1 655 0