Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛ: 31 ШІЛДЕ

ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛ: 31 ШІЛДЕ

Тоқты (21 наурыз – 20 сәуір)Бүгін жаңашылдықтар үшін өте қолайлы күн. Батыл қимылдаңыз. Бүгін сәттілік сізге серік болады. Торпақ (21 сәуір – 21 мамыр)
Жұмысыңызға қатысты мәселелерді бастығыңызбен шешіп алуға өте қолайлы күн. Бастығыңыз тілегіңізді жерге тастамайды.
Егіздер (22 мамыр – 21 маусым)
Бүгін көп адаммен араласуға тура келеді. Өзіңізге жүктелген жауапкершілікті атқарыңыз.
Шаян (22 маусым – 22 шілде)
Қанша батыл болсаңыз да, жоспар мен стратегия туралы ұмытпаңыз. Әр іске сауатты қараған дұрыс. 
Арыстан (23 шілде – 23 тамыз)
Егер әлдебір іс сіздің мансабыңыз бен беделіңізге нұқсан келтіреді деп ойласаңыз оны жасамаңыз. Сақтықта қорлық жоқ. 
Бикеш (24 тамыз – 22 қыркүйек)
Бүгін сіз үшін сәтті күн. Табандылық танытыңыз, сонда несібеңізді арттырасыз. 
Таразы (23 қыркүйек – 22 қазан)
Өзіңізге көп міндет жүктеп алмаңыз. Күшіңіз сарқылуы мүмкін. Демалыс артық болмайды.
Сарышаян ( (23 қазан – 21 қараша)
Табыстың соңына түсіп, өзіңізге зиян келтірмеңіз. Іс-әрекетіңізді саралап барып қимылдаңыз.
Мерген (22 қараша – 21 желтоқсан)
Шиеленіскен жағдайды сіз ғана реттей аласыз. Тізгінді қолға алып, батыл қимылдаңыз. 
Тауешкі (22 желтоқсан – 20 қаңтар)
Бүгін ақша сізге қарай ағылады. Ерінбей еңбек ете білсеңіз болғаны. 
Суқұйғыш (21 қаңтар – 19 ақпан)
Бүгін бар өнеріңізді көрсететін күн. Өзіңізді жақсы көрсете білсеңіз, жақында жолыңыз ашылады. 
Балықтар (20 ақпан – 20 наурыз)
Бүгін жұмысқа да, отбасына да көңіл бөлу керек. Кешкілік уақытты үйде өткізген абзал.
31 шілде 2019 ж. 2 124 0