Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛ: 29 ШІЛДЕ

ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛ: 29 ШІЛДЕ

Тоқты (21 наурыз – 20 сәуір)
Жұмыстағы міндеттеріңізді өзгелердің мойнына жүктеп қоймаңыз. Тізгінді өз қолыңызға алып, бастаған ісіңізді соңына дейін жеткізіңіз. 
Торпақ (21 сәуір – 21 мамыр)
Егер у-шусыз, тыныш жұмыс істегіңіз келсе айналаңыздағылардың назарынан тасаға кетіңіз. Сонда ешкім сізді жөнсіз мазаламайтын болады.
 
Егіздер (22 мамыр – 21 маусым)
Егер қалаған мақсатыңызға жылдамырақ қол жеткізгіңіз келсе бар күшіңізді салып жұмыс істеңіз. Сіздің тиянақтылығыңыз сізге жақсы көмектеседі.
 
Шаян (22 маусым – 22 шілде)
Бүгін көңіл-күйіңіз жақсы болады. Жүзіңіздегі шуақты айналаңыздағыларға шашып жүріңіз. Сонда әлем сізге мейірімділік танытады.
 
Арыстан (23 шілде – 23 тамыз)
Өзгеріске дайын болыңыз. Келесі апта сіз үшін жаңалықтарға толы болады. Жұмыс ауыстыруыңыз мүмкін.
 
Бикеш (24 тамыз – 22 қыркүйек)
Өзгелерге иек артпаңыз. Өз бетіңізше қимылдаңыз. Сіздің жеңісіңіз сіздің ғана қолыңызда.
 
Таразы (23 қыркүйек – 22 қазан)
Жақсы танымайтын адамдардан алыс болыңыз. Сіз бүгін аса сезімталсыз. Кез келген сын жүйкеңізге тиюі мүмкін.

Сарышаян ( (23 қазан – 21 қараша)
Қарсылық кезеңі аяқталды. Енді сіздің егістігіңізге ешкім қол салмайды.
 
Мерген (22 қараша – 21 желтоқсан)
Жұмыс орныңызды ретке келтіріңіз. Жоспарлаған істеріңізге үлгергіңіз келсе демалыс туралы ұмытуға тура келеді.
 
Тауешкі (22 желтоқсан – 20 қаңтар)
Мансабыңыз үшін өте жемісті күн. Жұмысыңызда оңтайлы тәсілдерді тапсаңыз қалағаныңызға тезірек қол жеткізесіз.
 
Суқұйғыш (21 қаңтар – 19 ақпан)
Күні бойы істейтін жұмысты жоспарлы түрде сағат-сағатқа бөліп істеңіз. Сонда күшіңіз де сарқылмайды, өзіңіз де шаршамайсыз.
 
Балықтар (20 ақпан – 20 наурыз)
Бүгін жұмыста сәттілік серік болмауы мүмкін. Жоспарлаған істеріңізді орындауға тырысыңыз. Жаңа істерді қолға алмағаныңыз абзал.
reactor.inform.kz
29 шілде 2019 ж. 2 746 0