Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда картоп қымбаттады

Қазақстанда картоп қымбаттады

Қазақстанның бірнеше өңірінде картоп бағасы күрт өсті. Мысалы СҚО-да картоптың келісі 500 теңгеден сатылып жатыр.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Астана" телеарнасына сілтеме жсап хабарлайды.Телеарна мәліметінше, Солтүстік Қазақстанда картоптың бағасы күн сайын өсіп жатыр. Өңірде оны көптеп өсіретін және картоп қолжетімді болған. Бүгінде баға тұрақтандыру қорының сату нүктелерінде ғана қолжетімді болып қалды. Мұнда картоптың бағасы 100 теңгеден, бірақ ол жерде дүкен ашылғанға дейін ұзын сонар кезек пайда болады екен. Әр адамға тек үш келіден сатылады.

Кәсіпкерлік басқармасы бұл проблема туралы хабардар, алайда олар қолжетімді баға қойып, жағдайды бақылауға алуға қауқарсыз. Себебі бағаның өсуі маусым сайын байқалады және қолжетімді бағада сататын елдермен шекара ашылғанша жаңа егін дайын болады. Осылайша картоптың бағасы да түседі.

Шенеуніктер жергілікті билік неліктен бірден әрекет етпегеніне жауап бере алмады.
Ақтөбеліктер де көкөністердің қымбаттауына наразы. Өңірде картоптың келісі 300 теңгеден болса, қызылша мен сәбіздің бағасы одан қымбат - келісі 400 теңгеден. Мұндай жағдай қаланың барлық жерінде байқалған. Мысалы коммуналдық нарықта картоптың бағасы 300-350 теңге аралығында.

Жергілікті билік жағдай жақын арада тұрақтанатынын айтып сендірген. Алдағы күндері әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның екі жүк көлігін жібереді. Барлық шығынды әкімдік мойнына алады. Шенеуніктер осылайша Ақтөбеде көкөністің бағасы қолжетімді болады деп үміттеніп отыр.

kaz.caravan.kz

09 маусым 2021 ж. 403 0