Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады

Үкімет қаулысына сәйкес, аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер 4, 5 және 6 шілдеде демалады. Ал аптасына 6 күн жұмыс істейтіндер 4 және 6 шілдеде демалады.
Содан кейін Құрбан айт мерекесі болады. Құрбан айттың бірінші күні 20 шілдеге түсіп тұр, бұл күн демалыс деп бекітілген.
6 шілдеде Қазақстанда астана күні тойланады. 1998 жылы дәл осы күні Қазақстан Республикасы президентінің жарлығына сәйкес Ақмола атауы Астана деп өзгерді.
2019 жылдың наурызында Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Астана Нұр-Сұлтан болып өзгерді.
Бұрын астана күні 10 маусымда қалалық деңгейде тойланатын. 2006 жылы мереке 6 шілдеге ауыстырылды: ресми ақпарат бойынша, дәл осы күні 1994 жылы астананы Ақмолаға ауыстыру туралы шешім қабылданған. 6 шілде – Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні.
2021 жылы Құрбан айт 20-22 шілде аралығында өтеді. Құрбан айт Ораза айттан 70 күн өткен соң басталып, 3 күнге созылады.
kyzylorda-news.kz