Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады

Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады

"Қазақстан Республикасындағы мереке күндері" заңына сәйкес, 6 шілде Елорда күнінің құрметіне мереке деп танылған. Бұл күн сенбіге түсетіндіктен, демалыс күн 8 шілдеге, дүйсенбіге ауысады. Нәтижесінде бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады. Ол 6-8 шілде аралығы.Елорда күні - Қазақстанның мемлекеттік мерекесі. Өзге демалыс күндерін қосқанда бұл айда барлығы 9 демалыс күні бар. 
http://stan.kz/
10 маусым 2019 ж. 1 051 0