Қызылордада 543 млрд. теңгеден асатын 41 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда

Аймақта жаңа өнім өндіру бағытында инвесторлармен бірлескен жобалар іске асырылады. Мәселен, аймақта отандық инвесторлармен бірге қызанақ өнімдерін өндіру, ет және жұмыртқа өндірісі бойынша құс фабрикасын салу жобалары басталмақ.
Жергілікті билік шетелдік компанияларымен бірлесіп, тері мен жүнді өндеу және соңғы өнімді шығару ісін қолға алмақ. Ал, алдағы кезеңде инвесторлармен бірге күріш сабанынан целлюлоза өндіретін кәсіпорын құру жоспарланған.
Ерекше айту керек, Сыр елінде халықаралық компаниямен бірлескен жаңа жобаға келіссөздер жүргізілуде. Яғни енді қызылордалықтар чех технологиясын қолданып сусындар мен шырындар шығаруға ниетті.
kyzylorda-news.kz