Қызылордада жол сапасы тексерілді

«Сапалы жол-Адалдық алаңы» жобалық кеңсенің негізгі тұжырымдамасы автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту және жөндеу кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау кезеңінде азаматтық қоғаммен тығыз өзара байланыста ашық бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Аталған жоба аясында биыл 4 айда 7 рет мониторинг жасалып, 16 ақау анықталды.
Жоғарыда аталған көшелерден «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының қызметкерлерімен тиісті сынамалар алынып, жол сапасын зертхананың қортындысынан кейін қосымша хабарлайтын боламыз.
kyzylorda-news.kz