Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы аясында кеңейтілген мәжіліс өткізілді

«Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы аясында кеңейтілген мәжіліс өткізілді

Тәжірибе көрсеткендей, нақты «проблемалық бағыттарға» көңіл бөлу және оларды шешу сыбайлас жемқорлықты алдын-алудың ең тиімді әдістерінің бірі болып табылады.Алайда, көпшілікке мәлім, бүгінде елдегі жолдардың сапасы «проблемалық аймақта» және үнемі халықтың назарында.
Сонымен бірге, осы бағыттағы мемлекеттік қолдаудың барлық шараларына қарамастан, олардың іс жүзінде іске асырылуы әрдайым үмітке сай емес.
Бұл жағдай осы салада жобалық басқару принциптерін енгізуді қажет етті.
Үкіметтің 2019 жылғы 19 наурызындағы № 131 Қаулысымен «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылған болатын, негізгі мақсаты автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу деп белгіленген.
Орталықтың ашық жұмыс механизмін құру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, «Адалдық алаңы» жобасы шеңберінде «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі құрылды.
Жобалық кеңсенің мақсаты Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйелеріне сәйкес келетін орталық қызметінде парасаттылық қағидаттарын және комплаенс саясатын енгізу болып табылады.
Жобалық кеңсенің негізгі тұжырымдамасы автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту және жөндеу кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау кезеңінде азаматтық қоғаммен тығыз өзара байланыста ашық бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Жобалық кеңсенің қызметінің бағыттары:
1) қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету;
2) қазіргі заманғы сандық технологиялар мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құралдарын енгізу;
3) парасаттылық, адалдық және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидаттарын енгізу;
4) бизнес-процестердіжетілдіружәнеоңтайландыру.
Сондай-ақ, Ел басының тапсырмасымен жергілікті жолдар желісін ұлғайту және одан әрі дамыту мақсатында "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленген. Онда 2025 жылға қарай облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайын барынша көтеру.
2020 жылы аталған бағдарлама бойынша жол желісін дамытуға                    республикалық бюджеттен - 11 794,0 млн. теңге облыстық бюджеттен                 9 551,0 млн. теңге барлығы  21 346,0 млн. теңге бөлініп,  ұзындығы 488 км автомобиль жолдары мен көшелер және көпір өткелдерін жөндеуден өткізу жоспарланған.
Сонымен қатар, «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы аясында Департаменттің, «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының қызметкерлері, «Ақмешіт-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, облыс бойынша арнайы мониторингтік топтың мүшелері және БАҚ өкілдерімен бірлесіп жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының проблемалық учаскелеріне, жолдың қыс мезгіліндегі жай-күйіне, автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстауыжылжымалы зертханамен зерделенуде.
Жылжымалы зертханамен шығу барысында жалпы 21 ақаулар анықталып, берілген ұсыныстар нәтижесінде 17 жойылды, 4 ақаулар бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 17 маусымында облыс әкімдігінің ғимаратында «Сапалы жол» жобасының жұмысын жандандыру, оның ішінде автомобиль жолдары, материалдары мен жұмыстарының сапасына сараптама жүргізуді қамтамасыз ету тақырыбында мәжіліс ұйымдастырылды.
Мәжілісте жол саласына жауапты облыс әкімінің орынбасары С.Ж.Сүлейменов, Департамент басшысының бірінші орынбасары Б.М.Ниязов, Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы М.Ж.Тілеумбетов, «Ұлттық жол активтері» сапасы орталығы РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Ж.М.Керімкулов тақырыпқа сәйкес баяндама жасады және бейнеконференцбайланыс арқылы қала, барлық аудан әкімдері мен жол саласына жауапты әкім орынбасарлары қатысты.
Сондай-ақ, мәжіліс қорытындысымен, «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы  аясында жұмысты одан әрі жандандыру,автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу мақсатында жергілікті атқарушы органдарға Орталықтың филиалдарымен шарттарға қол қоюды жеделдетуге байланысты ұсынымдар қабылданды.
Мақаланы дайындаған:
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша департаменті
22 маусым 2020 ж. 565 0