Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу бойынша семинар өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу бойынша семинар өтті

2020 жылдың 30 қаңтарында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс—қимыл агенттігі мен «Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры» қоғамдық қорымен бірлесіп, ҚР Нидерланда Корольдігі елшілігінің, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының және «Параграф» ақпараттандыру жүйесінің қолдауыменен «Antikor ortalygynda» cыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу бойынша семинар өтті.Семинардың мақсаты – өңіріміздегі орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу ісін қайта қалпына келтіру.
Аталған семинарға, Арнайы мониторингтік топтың, «Ақмешіт-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, департамент жанынан құрылған ақпараттық ағартушылық штабтың мүшелері, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ЖАҢАРУ» қоғамдық қозғалысының  Қызылорда облысы бойынша филиалының жетекшісі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясыныңҚызылорда облысы бойынша филиалының профессоры, «Қорқыт Ата» атындағы ҚМУ және «Болашақ» университетінің «жалпы білім беру және құқық» кафедрасының профессор оқытушылары, аудандық, қалалық және облыстық деңгейдегі мәслихат пен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының президенті, Республикалық Арнайы мониторингтік топтың басшысының орынбасары Зәуреш Батталова нормативтік құқықтық акті жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізудің маңыздылығына кеңінен тоқталып, ашық диалогтық сұхбат құрды.
Семинарға қатысушыларға сараптама жасаудың негізгі  қағидалары мен жүйесін, техникасы мен мақсатын, сараптама өткізудің мерзімдері мен сыбайлас жемқорлыққа қасы сараптама қорытындысының құрылымын, мазмұны мен ақпараттардың ашықтығына және қолжетімділігіне қатысты құнды ақпараттар берілді.
Шара соңында қатысушыларға ғылыми сараптама жүргізу бойынша оқытудан өткенін растайтын сертефикаттар табысталды.
03 ақпан 2020 ж. 728 0