Балықтардан өнім алу жұмыстары жүргізілуде

«Қамыстыбас балық питомнигі» РМҚК 2021 жылғы мемлекеттік тапсырысты орындау үшін 12 мамыр күні балық өсіру маусымының алғашқы кезеңін, яғни зауыттық әдіспен балық өнімін (уылдырығын) алу жұмыстарын бастады. Биылғы жылы жоспар бойынша тұқы және өсімдікқоректі дөңмаңдай, ақ амур балықтарынан 14 800 000 дана біржаздық шабақтар өсіру үшін жалпы аумағы 160,1 гектар құрайтын тоғандарға 49 600 000 дана дернәсіл есептеліп отырғызылады. Қазіргі таңда балықтардан өнім алу және жазғы өсіру тоғандарына дернәсіл отырғызу жұмыстары жүргізілуде. Балықтардан уылдырық алу және тоғандарға отырғызу жұмыстары шілде айына дейін жалғасады.
С.Мырзағазиев,
«Қамыстыбас балық питомнигі» РМҚК директоры