Қызылорда: Түзеу мекемесіне әкелінген құрылыс заттарына 43 ұялы телефон жасырылған

Мекеме қызметкерлері Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел-тергеу тобын шақыртады. Тексеру барысында жүк көлігіндегі 196 қап цементтің 7 қабынан 10,20 грамдық шприцке нығыздалып салынған 63 дана «өзіне тән ерекше исі бар шөп тектес» зат табылған. Сондай-ақ 43 дана ұялы телефон, 14дана құлаққап, 33дана зарядтау құрылғысы, 13 дана номер картасы, 12 дана насыбай, 10 дана ойын картасы және 3 литр спирттік ішімдік тәркіленіп алынған.
«Тәркіленген зат бойынша сот сараптама жұмыстары тағайындалды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», – делінген ҚАЖ департаментінің хабарламасында.

kyzylorda-news.kz