Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада электр энергиясының тарифі төмендеді

Қызылордада электр энергиясының тарифі төмендеді

«Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» акционерлік қоғамының 2020 жылдың қорытындысы бойынша тарифтік сметасының орындалуына жүргізілген талдау барысында, «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағының 15) тармақшасы, яғни бекітілген тарифтік сметаны орындау талабының сақталмағандығы анықталды.

Қайта қаржыландыру ставкасын қоса есептегенде «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» акционерлік қоғамының электр энергиясын беру қызметі бойынша негізсіз алынған табысының сомасы 82 709 745 теңге болды.
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» акционерлік қоғамының электр энергиясын беру қызметіне 1 кВт.сағат ҚҚС-сыз енгізілу және қолданылу мерзімі 2021 жылдың 1 тамызынан 2021 жылдың 31 желтоқсаны аралығына 4,893 теңге мөлшерінде немесе қолданыстағы тарифтермен 4,976 теңге салыстырғанда 1,7 пайызға және 2022 жылдың 1 қаңтарынан 2022 жылдың 31 шілдесі аралығына 4,810 теңге мөлшерінде немесе қолданыстағы тарифтермен 4,893 теңге салыстырғанда 1,7 пайызға төмендетіліп уақытша өтемдік тарифтер бекітілді.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті

kyzylorda-news.kz
14 шілде 2021 ж. 605 0