Дер кезінде келген көмек

Аудан халқына көмек көрсету мақсатында жерлесіміз Болат Өтемұратовтың қорынан қомақты қаржы аударылды. Бұл дер кезінде көрсетілген көмек, шаруалар мен тұрғындар үшін үлкен демеу болды. Қиыншылық кездегі халыққа көрсеткен көрсеткен бұл қолдау үшін Болат Жәмитұлына тек қана алғысымызды білдіреміз.
Бұл қаржыға не алынады, қалай жұмсалады барлығы жоспармен бекітілген. Ол жұмыстардың барлығы бір күнде бітпейді. Әсіресе, қуаңшылықтан зардап шеккен аз қамтылған отбасыларға мал азығынан көмек көрсетіледі. Шалғай ауылдарда жасалатын жұмыстар да ерекше көзделген. Су тапшылығы бар ауылдардан ұңғымалар қазу, су таситын автокөлік алып беру сынды қуаңшылықты жеңуге бағытталған шаралар жүргізіледі. Мұның нәтижесін біз сабырлылықпен, шыдамдылықпен күтуіміз қажет.
Барлық жұмыстар белгіленген межелер орындалады. Бұған тиісті орындардан қаржы бөлу жолдары қарастырылып жатыр. Табиғат құбылысынан болған бұл жағдайды да халықтың бірлігімен жеңетін боламыз.
Алдаберген ЖОЛАНОВ,
аудандық қоғамдық кеңес төрағасы