Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайластық орға жығады

Сыбайластық орға жығады

Қазақстан – көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Алдымызда әлі талай үлкен міндеттер тұр, талай сын кезеңдерден өтуге тура келеді және сапалы нәтижеге қол жеткізуіміз қажет.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Құқық қорғау органдары қызмет­кер­лерінің, судьялардың, пара берушілердің және парақорлыққа делдал болғандардың сыбайлас жемқорлығы үшін жазаны қатайту тұрғысынан Қылмыстық кодекске өзгерістер енгізу керек, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасағандарға шартты түрде мер­зімінен бұрын босату шарасы қолданылмайды. Жемқорлықпен ұсталған­дардың мемлекеттік қызметте және ква­зимемлекеттік секторда жұмыс істеуіне өмір бойы тыйым салатын қағида қатаң сақталуы керек. Біз сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлаған адамдар­ды заң жүзінде қорғайтын жүйе қалып­тас­тыруымыз қажет»,– деген болатын.
Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналуға тиіс.
Т. ЕСЕНОВ,
Беларан ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы
26 шілде 2021 ж. 339 0