Жемқорлықпен күрес ешқашан толастамайды

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтау және оның жолын кесу үшін арнайы құрылған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюросы жұмыс істеп келе жатыр. Сыбайлас жемқорлықпен күресу қазіргі күннің күрделі мәселелерінің бірі болып табылады. Үкімет оған қарсы шықса да, сыбайлас жемқорлық қоғам дертіне айналған. Жалпы, сыбайлас жемқорлықтың мағынасына қарайтын болсақ, «пара», «параға сатып алу» деген түсінік ретінде қабылдауымызға болады. Рим түсінігімен қарасақ, «бұзу, сындыру, жалғандау» деген мағынасы бар. Біздің қоғам үшін жегі құртқа айналған бұл кеселмен күресу әлі де толастамайды. Алайда қолға алынған жұмыстан нәтиже шығару біздің басты жетістігіміз болмақ.
Р. ӘБДІСҰЛТАНОВ,
Атанши ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы