Алоэның қандай пайдасы бар?
Алоэ, ағаш тәрізді алоэ – жабайы және қолдан өсірілетін өсімдік (жүзжылдық).
- Жас жапырақтарынан алынған шырынымен сыртқы іріңді жараны, күйікті, терінің қабыну ауруларын емдейді.
 - Алоэның шырыны (тамақ алдында жарты сағат бұрын бір шай қасықтан күніне 2-3 рет) созылмалы іш қату ауруына да қолданылады.
 - Алоэ жапырақтарынан алынған экскрактпен (спиртті сығынды) көз ауруларын, асқазанның ойық жараларын т. б. ауруларды емдейді.
 - Алоэден дайындалған биостимулятор препараты ауру организмнің қорғану функцияларын күшейтеді.
 - Кептірілген сығындысынан (сабур) алынған спиртті тұндырмасы немесе құрғақ экстракты (көп мөлшері) іш жүргізетін дәрі ретінде қолданылады.
 - Сондай-ақ асқазанның тағам сіңіру жұмысын жақсартады және тәбет көтереді (аз мөлшері).
 





		
		



