Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ағаш бүршіктерінің пайдасы

Ағаш бүршіктерінің пайдасы

Долана. Оның бүршік­тері жүрек ауруларына таптырмас ем. Қан қысымын қалпына келтіреді. Жинаған бүршіктерімді шыны банкіге салып, үстіне 1:3 есебінде арақ құйып, 2 апта қараңғы жерде ұстаймын. Сосын сүзіп, 0,5 стаканға 10 тамшы тамызып, күніне 2 рет тамақ ішер алдында 3 апта қабылдаймын. Жылына 2-3 рет қайталауға болады.
 
 
Сирень. Бүршіктерін алдымен духовкада кептіріп, үгіп ұнтақтайды. Сосын теңдей етіп вазелинмен араластырып, бел мен буындардың ауырған жеріне жағады.
 
Жөке. Оның бүршіктерін кептіріп, тұнба жасауға болады. 1 ас қасық жөке бүршігін термосқа салып, үстіне  1 стакан ыстық су құяды. 1 сағат уақыт өткен соң күніне 4 рет 1 рюмкеден ішу керек. Бұл жасалған дәрі дененің ісінуін басып,  зәрді жақсы жүргізеді.
 
Терек. Бұның бүршігінен қолқа ауруларын емдеуге болатын тұнба дайындайды. 1 ас қасық қара терек бүршігіне 2 стакан су құйып, 2 сағаттан кейін сүзеді. Күніне 3 рет  жарты стаканнан тамақ алдында пайдаланады.
 
Терек бүршігіктерін тері ауруларына қарсы пайдалануға да болады. Ол үшін 3-4 ас қасығын қайнатып, ваннаға құйып, шомылады.
 
Қараағаш. 1 стакан қарағаш бүршігін 2 литр суға салып, 20 минут қайнатады. Оны сүзіп, ваннаға құяды. Тері ауруларын осылай емдейді. Егер диареяға ұшырасаңыз немесе ішіңіз шұрылдап, мазаңызды алса, 1 шай қасық қараағаш бүршігін 1 стакан қайнаған суға салып, тұндырып ішіңіз.
 
Ағаш бүршігінің құрамы минералдар мен витаминдерге, антиоксиданттарға, антисептиктерге, антибиотиктерге бай келеді. Әрі ағзаны жасартатын қасиетке ие. Өзім бірнеше ағаш бүршіктерінен рецепт дайындап келемін. Олар жақсы нәтиже көрсетіп жүр.
 
Ж. ҚҰЛАНТАЙ
30 наурыз 2018 ж. 3 004 0