Білім беру ұйымдарында барлығы маска киюге міндетті

«Жаңа оқу жылында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулығын сақтау үшін арнайы санитарлық іс-шаралар қабылданады. Барлық мектептер, колледждер мен университеттердегі қызметкерлер мен білім алушыларға маска киюге міндетті болады. Барлық білім беру ұйымдарында күнделікті термометрия, желдету, кварцтеу, дезинфекциялау іс-шаралары жүргізілетін болады», – деді Асхат Аймағамбетов.
Оның атап өтуінше, студенттер, педагогтар мен басқа да қызметкерлер ғимаратқа «Ashyq» жүйесі арқылы кіргізіледі.
kyzylorda-news.kz