Жеңілдігі бар азаматтар санатына кімдер жатқызылады?

Егер сіз әлеуметтік қорғалмаған азаматтар қатарында болсаңыз және сіздің мәртебеңіз «сақтандырылмаған» болса, емханада (тіркелген жері бойынша) немесе өз бетіңізше, Qoldau - 24/7 мобильді қосымшасы арқылы уақытша мәртебені (1 айға) алуға болады. Бұл қосымшаны ұялы телефонға AppStore-дан жүктеуге болады.
МӘМС жүйесіндегі өз мәртебеңізді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми сайтынан мына сілтеме бойынша анықтауға болады: https://fms.kz/kz/
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі