Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жарнасын төлеуден азаматтардың 15 санаты босатылады

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жарнасын төлеуден азаматтардың 15 санаты босатылады

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіле отырып, мемлекет азаматтардың 15 жеңілдікті санаты үшін ай сайын жарналар төлейді. Қызылорда облысында олардың қатарына 475 350 тұрғын кіреді.
Азаматтардың жеңілдікті санаттарының тізімімен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми сайтында мына жерде танысуға болады.
Егер сіз әлеуметтік қорғалмаған азаматтар қатарында болсаңыз және сіздің мәртебеңіз «сақтандырылмаған» болса, емханада (тіркелген жері бойынша) немесе өз бетіңізше, Qoldau – 24/7 мобильді қосымшасы арқылы уақытша мәртебені (1 айға) алуға болады. Бұл қосымшаны ұялы телефонға AppStore-дан немесе Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми сайтында жүктеп алыңыз және орнатыңыз («Халықтық бақылау» қойындысын таңдаңыз, содан кейін «Call Center»)
Инфографикада қандай растайтын құжаттар ұсынылуы керек.
kyzylorda-news.kz

14 қазан 2020 ж. 1 364 0