Медициналық сақтандыру бойынша арыз-шағым қабылдайтын мобильді қосымша іске қосылды

Атап айтқанда, оның 3% ғана – шағымдар. Қалғаны консультативтік сипатта. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры халықпен кері байланыстың бірнеше түрін ұсынады. Енді пациенттер жаңа «Qoldau-24/7» мобильді қосымшасының көмегімен шағым қалдыра алады.
«Тұрғындардан түскен барлық шағымдар тіркеуге алынып, әрі қарай өңделіп, жолданымдар тізіміне енгізіледі. Қажет болған жағдайда, жолданымдар белгіленген мерзімде талдаудан өтіп, шешім қабылдану үшін сарапшы мамандарға жіберіледі. Сонымен қатар пациенттер қордың әр аймақтық филиалында ұйымдастырылған азаматтарды қабылдау бөлмелеріне жүгіне алады», – деп түсіндірді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүйелі түрде тұрғындардан келіп түскен жолданымдарды мұқият қадағалап, апта сайын ең маңызды сұрақтар жинағы сараптамадан өтіп, олар бойынша жүйелі шешімдер қабылдайды.