Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Субсидияға өтініім тапсыру бойынша оқыту өткізілді

Субсидияға өтініім тапсыру бойынша оқыту өткізілді

Кеше ауданымызға облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығын дамыту бөлімінің басшысы А. Омаров арнайы жұмыс сапарымен келді.

Сапар аясында ауыл шаруашылығы малдарының мал азығына жұмсалған шығындарына өтелетін субсидияға өтінім тапсыру бойынша ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарына түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында жиын өткізді.

Жиын барысында ірі малдардың аналық саны 30 бастан және қой малының аналығы 200 бастан кем болмауы және де мүйізді ірі қараның аналығының 1 басына 15 мың теңге, жылқы, түйе малдарының аналығының 1 басына 10 мың теңге, қой малының аналық 1 басына 2,5 мың теңге төленетініне тоқталды.

Бұдан бөлек Арал аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінде шаруалардың есебінде тұрған мал бастарын ақпараттық жүйеге тіркеу бойынша практикалық оқыту жұмыстары ұйымдастырылды.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі

26 тамыз 2021 ж. 190 0