Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында мал шаруашылығы қарқынды дамуда

Қызылорда облысында мал шаруашылығы қарқынды дамуда

Бүгін аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сейілбек Нұрымбетовты қабылдады.
Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы мал шаруашылығы саласында атқарылған жұмыстар, мемлекеттік қолдау және алдағы жоспар туралы баяндады.
Бүгінгі күні облыста мал шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдаудың және инвестициялық жобаларды жеңілдетілген несиелендірудің арқасында мал шаруашылығы саласының өсу динамикасы қалыптасып, мал басы мен өндірілген өнім көлемі артуда.
Ағымдағы жылдың 6 айында облыс бойынша мал шаруашылығы саласының жалпы ішкі өнім өндірісі 23,1 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,2%-ға өсті. Оның ішінде жылқы мен құс өнімінің өндірісі жоғары.
Мал шаруашылығын мемлекет тарапынан қолдау мақсатында
2020 жылға облыстық бюджеттен 2 432,1 млн. теңге қаржы бөлініп, 1500 млн. теңге субсидиялау қаржысы 625 шаруашылыққа төленді.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан мал шаруашылығы саласын субсидиялаудың жаңа ережесі бекітілді. Ережеге бірқатар өзгерістер енгізіліп, асыл тұқымды қой сатып алудың, оларға жүргізілген селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарының әр басына берілетін субсидиясы көтерілді.
Қызылорда облысы әкімдігі тарапынан қағиданың жаңа өзгерістеріне сәйкес Ауыл шаруашылығы министрлігіне республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлу туралы бюджеттік өтінім ұсынды.
Ағымдағы жылы «Сыбаға» бағдарлама аясында облысқа 288 бас асыл тұқымды шет елдік мүйізді ірі қара малы жеткізілді. Оның ішінде 80 бас малды жеке кәсіпкер «Қуанышбаева» алса, 128 – «Парадин», 80 – «Ерасыл» шаруашылықтарына берілді. Сонымен қатар 6105 бас отандық қой малдарын сатып алу бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мал шаруашылығы саласын жүйелі түрде дамытуды, сала бойынша бекітілген индикативтік жоспарларды жыл аяғына дейін орындауды және аймаққа бөлінген субсидияларды 100% игеруді тапсырды.
kyzylorda-news.kz
27 шілде 2020 ж. 792 0