Өңірлердегі эпидахуал қандай?
ҚР Үкіметі жанындағы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 тамыздағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары «қызыл» аймақта.
Тек Түркістан облысы бұрынғыдай «жасыл» аймақта.