Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның сегіз өңірінде коронавирус бойынша жағдай жақсармай тұр

Қазақстанның сегіз өңірінде коронавирус бойынша жағдай жақсармай тұр

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия коронавирусқа қатысты өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


1 мамырдағы мәлімет бойынша:
"Қызыл" аймақта - Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстары орналасқан.
"Сары" аймақта - Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл облыстары тұр.
"Жасыл" аймаққа - Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары енген.
01 мамыр 2021 ж. 426 0