1-2 курс студенттері оқуды кешірек бастайды

«Студенттердің арақашақтығын сақтау және жиналуына жол бермеу үшін каскадты әдіс қолданылады. Яғни оқу жылы әр курс үшін әр түрлі уақытта басталады. Мысалы, 3-4 курс студенттеріне - 1 қыркүйектен, ал 1-2 курстар мен магистранттар үшін қыркүйектен, бірақ бекітілген академиялық күнтізбе бойынша 30 қыркүйектен кешіктірілмей басталады», деді ОКҚ брифингінде Қуаныш Ерғалиев.