Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Көлік ұрлаған қызылордалық ұсталды

Көлік ұрлаған қызылордалық ұсталды

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері қала  орталығында орын алған көлік құралын заңсыз иемдену қылмысын ашты.
24 тамыз күні сағат 00:15 шамасында, белгісіз адам қала орталығында орналасқан жанар май құю бекетінің жанындағы дүкен алдында тұрған «Лада Гранта» маркалы автокөлігін иемденіп, айдап кеткендігі жөнінде полицияға арызданған.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті ретінде 31 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Жәбірленушіге келтірілген  материалдық шығын  800 мың теңге
Орын алған дерек бойынша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы бұлтартпау шарасы таңдалды.

kyzylorda-news.kz
27 тамыз 2021 ж. 545 0