Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада көлікті заңсыз иемденген тұрғын ұсталды

Қызылордада көлікті заңсыз иемденген тұрғын ұсталды

Қазалыда біреудің автокөлігін заңсыз айдап кеткен тұрғын ұсталды. Тексеру барысында оның бұған дейін сотты болғаны анықталды.
Қазалы ауданының тұрғыны аудандық полиция бөліміне қоңырау шалып, үйінің алдында тұрған “Ваз-2105” автокөлігін белгісіз біреудің ұрлап кеткені туралы арызданған. Аталған хабарлама бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында іздеудегі “ВАЗ-2105” маркалы автокөлік Әйтеке би кенті тұрғынының үйінің алдынан табылды. Автокөлікті заңсыз иемденген  қылмыстық жазасын шартты түрде өтеуге сотталған 34 жастағы тұрғын анықталды.
Қазіргі таңда орын алған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
kyzylorda-news.kz
26 қазан 2020 ж. 616 0