3 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Жұма күні елімізде жел күшейіп, жаңбыр жауады, кей өңірлерде тұман түсіп, түнде үсік жүруі ықтимал, деп хабарлайды Қазгидромет.3 қыркүйекте антициклон республиканың басым бөлігіне әсер етеді, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек батыс өңірлер циклон ықпалында, батыстажәне оңтүстік-шығыста жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды, күндіз еліміздің батысында нөсер жауады. Елімізде жел күшейіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады, оңтүстік-шығыста, батыста бұршақ жаууы мүмкін, орталықта тұман түсуі ықтимал.
 Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.
kyzylorda-news.kz






		
		



