Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 18 тамызға арналған ауа райы болжамы

18 тамызға арналған ауа райы болжамы

Қазақстан аумағының басым бөлігінде циклон өтуімен байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Кей жерде жаңбыр жауады, найзағай күтіледі, оңтүстік-шығыс таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауады. Тек оңтүстік-батыста ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерінде жел күшейеді, тұман, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, елдің батысында, оңтүстік-батысында шаңды дауыл күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман күтіледі, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, кей жерде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.
Ақмола, Жамбыл, облыстарының кей жерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерінде жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді. Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай, Қарағанды облыстарында тұман күтіледі. Қызылорда, Атырау облыстарының күндіз кей жерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Павлодар облысында бұршақ жаууы ықтимал. Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, күндіз Ақтөбе облысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының шығысында, Қарағанды облысының оңтүстіқ-батыста, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
baq.kz
18 тамыз 2020 ж. 509 0