Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқушыларды алдап, қол қойдырады. Желіде тағы бір дақпырт тарады

Оқушыларды алдап, қол қойдырады. Желіде тағы бір дақпырт тарады

Қазақстандық ата-аналар оқушылардың қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықпен таныстырылып жатқандарына алаңдауда, деп хабарлайды zakon.kz.
Кейбіреулерінің пікірінше, ережелермен танысу фактісін растап, журналдарға қол қою балалар үшін қауіпті. Мұндай бланк ретінде оларға КВИ-ге қарсы вакцинациялауға келісім нысаны берілуі мүмкін-мыс.
ҚР Білім және ғылым министрлігі бұл реттегі ата-аналардың алаңдаушылығын сейілтті.
Ведомствоның хабарлауынша, қауіпсіздік техникасы ережелерімен танысқанын растайтын қолтаңбаны оқушылар жеке бланкіге емес, арнайы журналға қояды. Сонымен қатар, нұсқаманы өткізу оқушылардың құқықтарын бұзу болып табылмайды.
Нұсқаманы өткізу туралы міндетті түрде Кіріспе нұсқамалық тіркеу журналына жазылады. Әрбір нұсқама кезінде журналды толтыру міндетті болып табылады. Бұл ретте журналдағы жазбаларда нұсқаушы мен білім алушылар туралы ақпарат, нұсқаманы өткізу күні мен тақырыбы және нұсқаушы мен оқушылардың қолдары болуы тиіс. Журналдағы ақпарат ата-аналардың құқығын бұзбайды, өйткені оқушының қолы оның әртүрлі жағдайларда қауіпсіз әрекет ету шараларымен таныс екенін растайды», – деп түсіндірді stopfake.kz.
Қорыта айтқанда, мектептерде КВИ қарсы вакцинациялау келісімі бланкін Кіріспе нұсқаманы тіркеу журналы деп беріп, балаларды өз бетінше егілуге рұқсат беруге мәжбүрлемейді. Біріншіден, мұндай әрекеттер заңсыз, екіншіден, журнал медициналық процедураларды жүргізуге ақпараттандырылған келісім нысанынан мүлдем өзгеше.

09 қыркүйек 2021 ж. 315 0