Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » WhatsApp-та балаларды өлімге итермелейтін жаңа ойын пайда болды

WhatsApp-та балаларды өлімге итермелейтін жаңа ойын пайда болды

Мексика билігі WhatsApp бағдарламасында балаларды өлімге итермелейтін ойынның пайда болуына байланысты, ата-аналарды жасөспірімдерге арналған жаңа ойынның қауіптілігі туралы ескертті.

Бұл туралы The Mirror хабарлады, деп жазады  Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Momo деп аталатын интерактивті ойын WhatsApp арқылы таратылады. Алдымен анонимді куратор қатысушыға зорлық-зомбылық элементтері бар суреттерді жіберіп, содан кейін түрлі тапсырмаларды орындауды ұсынады. Егер жасөспірім оның талабынан бас тартса, ол оған қауіп төндіріп, қорқыта бастайды.
«Жастар мен кәмелетке толмаған жасөсіпімдер арасындағы бұл мәселеден келетін қауіп-қатері өте көп. Мұнда қылмыскерлер ойынды жеке ақпаратты ұрлау, өзіне қол жұмсау немесе зорлық-зомбылық жасау, қорлау, қорқыту, қорқыныш, депрессия және ұйқысыздық сияқты физикалық және психологиялық бұзылулардың пайда болуы үшін пайдалануы мүмкін»,-дейді Мексиканың Табаско қаласының киберқылмыспен күрес бөлімінің қызметкерлері.
Ал, журналистер Momo ойынын жасөспірімдерді өзіне қол жұмсауға шақыратын Ресейде кең таралған «Синий кит» ойынымен салыстырды. Ресейлік тергеушілердің айтуынша, бұл ойын 15-ке жуық жасөспірімнің өзіне қол салуына түрткі болды.
Сондай-ақ, аргентиналық полицейлер Момо ойыны 29 маусымда үйінің артқы ауласында өзіне қол жұмсаған 12 жастағы қыздың өліміне себеп болды дейді. Себебі, жасөспірім суицид жасамас бұрын өзін видеоға түсірген. Сол себептен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қызды біреулер өзін өлтіруге мәжбүрлеген деп күдіктенуде.
Полиция қызметкерлері қыздың кіммен сөйлескенін анықтап, хат-хабарламалар туралы ақпарат табу үшін оның телефонын бұзып ашты. Қазір олар өзіне қол салған қызбен әлеуметтік желіде соңғы рет сөйлескен 18 жастағы жасөспірімді іздестіріп жатыр.
Stan.kz
03 тамыз 2018 ж. 1 534 0