Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Күн суытып, үсік жүреді

Күн суытып, үсік жүреді

Қазгидромет 15 қыркүйекте Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.
Күндіз Қостанай облысының солтүстік-батысында найзағай, оңтүстік-батыстан жел, күші 15-20 м/с күтіледі.
Ақмола облысының батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
15 қыркүйекте т үнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 3 градус үсік сақталады. Бесқарағай ауданында төтенше өрт қауіпі күтіледі.
Күндіз 15 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Түнде Қарағанды облысының солтүстік-шығысында 2 градус үсік жүреді. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

kyzylorda-news.kz
14 қыркүйек 2021 ж. 210 0