Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмаға арналған ауа райы болжамы

Жұмаға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 24 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Қазақстанның батысында, орталығында және шығысында фронттардың ықпалымен тұрақсыз ауа райы сақталады. Осыған байланысты жаңбыр жауады.
Елдің орталығында және шығысында аздаған жауын-шашын жауады. Республиканың қалған аумағында жаңбыр жаумайды, күн ашық болады.
Елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және шығысында жел күшейеді. Оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады.
Республиканың солтүстігінде және солтүстік-батысында тұман түседі.

kyzylorda-news.kz
24 қыркүйек 2021 ж. 248 0