Жұмаға арналған ауа райы болжамы

Тек Қазақстанның оңтүстігі мен батысында антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың басым бөлігінде жел 15-20 м/с, солтүстігінде, солтүстік-батысында жел 23-28 м/с күшейеді. Еліміздің оңтүстік-батысында, шығысында жекелеген аудандарда тұман түсуі мүмкін.
Түнде солтүстік-батыста, батыста, күндіз Ақмола облысының басым бөлігінде найзағай жарқылдайды, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, ал облыстың солтүстігі мен оңтүстік-шығысында екпіні 25 м/с жетеді.
Қостанай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі, басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 23-28 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай, түнде батысында, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде екпіні 25 м/с.
Күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстік-батысында найзағай жарқылдап, басым бөлігінде жел 15-20, батысында екпіні 25 м/с болады.
Жамбыл облысының шығысында, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, таңертең және күндіз таулы, тау бөктеріндегі аудандарда найзағай, бұршақ жаууы ықтимал, найзағай жарқылдаған кезде жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай күтіледі, батыста, солтүстікте, орталығында жел тұрып, жыылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Қызылорда облысының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының солтүстігінде, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман күтіледі.
Күндіз Атырау облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с аралығында болады.
Шығыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстік-шығысында түнде 2 градус үсік жүреді, Қарағанды облысының солтүстігінде 2 градус үсік сақталады.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысы мен оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде өрт қаупі сақталады.
kyzylorda-news.kz