Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүрек-қан тамырлары аурулары бар 54 мыңнан астам қызылордалық емделді

Жүрек-қан тамырлары аурулары бар 54 мыңнан астам қызылордалық емделді

29 қыркүйек - Дүниежүзілік жүрек күні. Негізгі міндет-жүрек қан-тамырлар жүйесінің аурулары, олардың пайда болу себептері және алдын-алу жолдары туралы хабардардар ету.Жүрек-қан тамырлары аурулары елдің және аймақтың ауруларының қайғылы көшбасшылығында. Бұл аурудың алдын алу және емдеуге Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесінде ерекше назар аударылған.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетовтың айтуынша, қан айналымы жүйесінің аурулары, жүрек-қан тамырлары аурулары тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі-ТМККК) шеңберінде әлеуметтік маңызы бар және негізгі созылмалы аурулар тізбесіне кіреді. Яғни, аталған аурулар бойынша диспансерлік есепте тұрғандарға консультациялық – диагностикалық көмек, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, жоспарлы стационарды алмастыратын және стационарлық көмек тегін қолжетімді.
ТМККК тыс басқа да қосымша қызметтер МӘМС медициналық қызметтер пакетіне кіреді. Дәлірек айтқанда, сақтандырылған азаматтар үшін бейінді мамандардың қызметтері, диагностикалық тексерулер (КТ, МРТ, УДЗ), жоғары технологиялық медициналық қызметтер, зертханалық диагностика, күндізгі, тәулік бойы стационар қызметтері, медициналық оңалту және қалпына келтіру емі қолжетімді. Ең бастысы, сізге дәрігердің негізделген жолдамасы қажет.
«Қызылорда облысының кардиохирургиялық қызметінің 20 жылдан астам уақыт ішінде жүрек-қан тамырлары аурулары бар 54 мыңнан астам адам емделді. Көпбейінді облыстық аурухананың кардиохирургтары коронарография бойынша 17 мыңнан астам ота жасады, оның ішінде 5 260 стенттеу. Сондай-ақ, 1 830 мыңнан астам кардиохирургиялық, 627 аритмологиялық отаулар жасалды. Бұл елдегі өлімнің төмендеуіне айтарлықтай үлес қосты. Мәселен, егер 1996 жылы бұл 100 мың тұрғынға шаққанда 484,2 құраса, 2018 жылы ол 181,67 - ге дейін төмендеді», - деп хабарлады көпбейінді облыстық аурухананың кардиохирургиялық орталығы бөлімшесінің меңгерушісі Берік Дәуітбаев.
Егер сізде медициналық көмек алуға байланысты сұрақтар туындаса, сіз өз емханаңыздағы пациентті қолдау қызметіне хабарласа аласыз. Сондай-ақ Қорға келесі ресми кері байланыс арналары арқылы өтініш бере аласыз: 1406 байланыс орталығы, «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы, Қордың www.fms.kz  сайты, Telegram-дағы Saqtandyry-bot.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі
27 қыркүйек 2021 ж. 613 0