Қазақстандықтар қазанда қанша күн демалады?

Бескүндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 10 күн демалып, 21 күн жұмыс істейді. Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндерді 5 демалыс пен 26 жұмыс күні күтіп тұр.
2021 жылдың оныншы айында мемлекеттік не ұлттық мереке жоқ. Бірақ демалыс берілмейтін бірқатар мереке бар:
1 қазан - Қарттар күні мен Радио күні;
қазанның бірінші жексенбісі - Мұғалімдер күні;
6 қазан - Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлерінің күні;
10 қазан - Қазақстан кәсіподақ күні;
16 қазан - Нан күні;
19 қазан - Құтқарушылар күні;
қазанның үшінші жексенбісі - Орман шаруашылығы қызметкерлері күні;
29 қазан - Күзет ұйымдары қызметкерлері күні;
қазанның соңғы жексенбісі - Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні.