Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұрсұлтан Назарбаевтың аттасы үйленіп, той орнына жетім балаларға мереке ұйымдастырды

Нұрсұлтан Назарбаевтың аттасы үйленіп, той орнына жетім балаларға мереке ұйымдастырды

Семей тұрғыны Нұрсұлтан Назарбаев үйленді. Қалыңдығы Алтынай Иса екеуі балалар үйі тәрбиеленушілеріне мереке ұйымдастырып берді.


Бұл той ерекше болды. Олар қымбат мейрамхана жалдаған жоқ, той серуеніне де шыққан жоқ. Қалыңдық қымбат көйлек киюден де бас тартты, деп жазады Экспресс К.
Заңды некелерін қиған соң жас жұбайлар екі балалар үйінің тәрбиеленушілері демалып жатқан лагерге аттанды. Оларға мерекелік дастархан жайып, кәсіби аниматорладар құралған топ жалдады. Олар балаларға бірнеше сағат бойы ойын-сауықтық бағдарлама көрсетті.

Нұрсұлтан мен Алтынай 7 жыл бойы кездесіп жүрді. Күйеу жігіт те, қалыңдық та тойдың керемет өтуін армандамаған. Олар ата-ана махаббатын сезінбей өскен балаларға мереке ұйымдастыруды жөн деп тапқан.
«Нұрсұлтан да, мен де көп балалы отбасынан шыққанбыз. Жолдасым – мұғалім. Сондықтан балаларға қуаныш сыйлайық деп шештік. Біз ең маңызды күніміздің өзгелердікіне ұқсамай өткеніне өкінбейміз. Ата-анамыз да біздің шешімімізге қарсы болған жоқ», – дейді Алтынай.

stan.kz​​​
14 тамыз 2018 ж. 1 549 0