Қазақстанда өлім жазасына кімдер тартылады?
![](/uploads/posts/2021-10/medium/1634205829_kwbf3etsbwcfgp65cpk8_z83ce9cue8aqkow9338w-696x464.jpg)
«Хаттама өлім жазасын жою үшін қажетті шаралар қабылдауға міндеттейді, бірақ ескерту жасалған жағдайда қолдануға мүмкіндік береді. Қазақстан осыны пайдаланып, ратификациялау кезінде тиісті ескерту жасады. Ескертуге сәйкес Қазақстан сотталушыны соғыс кезінде жасалған аса ауыр әскери сипаттағы қылмысы үшін кінәлі деп тапқаннан кейін соғыс уақытында өлім жазасын қолдану құқығын өзіне қалдырады.
Өлім жазасын Қылмыстық кодекстің төрт бабында ғана қалдыру ұсынылады. Атап айтқанда, соғыс қимылдарымен байланысты және соғыс уақытында жасалатын бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы ең ауыр қылмыстар үшін қалады. Оларға қолданыстағы Қылмыстық кодекске сәйкес басқыншылық соғысты тұтандыру немесе жүргізу, жаппай қырып-жою қаруын қолдану, әскери тұтқындар мен бейбіт тұрғындарды өлтіру арқылы соғыс заңдары мен дәстүрлерін бұзу, сондай-ақ, соғыс кезінде жасалған геноцид жатады», – деді Мәжіліс отырысында Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев.
Өз кезегінде Мәжіліс депутаты Артур Платоновты өлім жазасын алып тастау қазақстандықтардың қауіпсіздігіне әсер ету жайы қызықтырды. Оған берген жауабында бас прокурордың орынбасары лаңкестердің өмір бойы бас бостандығынан айырылатындығымен түсіндірді.
kznews.kz