Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Көбі біле бермейтін қазақша тағам атаулары

Көбі біле бермейтін қазақша тағам атаулары

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтудің бір жолы – қазақша қызмет ұсынуды, соның ішінде қазақ тіліндегі мәзірді талап ету. Қазақ тілінде көбі біле бермейтін тағам атауларын ұсынамыз.

Уыз көже – уыздан пісірлген дәмді тағам. 
Ақлақ – қой сүтінен жасалған,  ірімшікке сары май қосылған тағам. 
Меңіреу – қой сүтінен жасайтын дәмді қатық түрі.
Шұжық – етті ішекке салып жасайтын дәмді тағам. 
Сүр – қысқы соғымнан қалған ет. 
Қарта – жылқының ішегі, кәделі тағам. 
Жал – жылқының жалының майы. 
Жая – малдың жаясының еті, кәделі тағам. 
Ақсорпа – соғым сүйектерін қайта қайнатқанда шығатын сорпа.
Күлше – табада пісірілетін нан.
Шалап – айранға су қосылған сусын.
Майсөк – майға бөктірген сөк. 
Мипалау – мал миынан жасалатын тағам.
Ақтүймеш – қауын қағы мен талқанды келіге салып түйіп жасаған тағам. 

stan.kz
20 қазан 2021 ж. 544 0