Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Өз құқықтарыңызды қорғап, сауатты тұтынушы болыңыз!

Өз құқықтарыңызды қорғап, сауатты тұтынушы болыңыз!

Сатушының (дайындаушының, орындаушының) сатушы туралы, уәкілетті орган және тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілері туралы, сондай-ақ өзінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру үшін тұтынушының оларға жүгіну құқығы туралы ақпараттарды қазақ және орыс тілдерінде орналастыру жөніндегі міндеттері

Өткен жылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Бұл ретте Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңына сәйкесСатушы өзінің байланыс деректерін (мекенжайы мен телефон нөмірін) және уәкілетті органның байланыс деректерін (мекенжайы мен телефон нөмірін), тауарларды өткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) шарттарын, сондай-ақ сатушының тауарды сату (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) фактісін растайтын құжатты немесе тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде жасалған шартты беру міндеті туралы ақпаратты тауарды өткізу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) орнында қазақ және орыс тілдерінде орналастыра отырып, көрсетілген ақпаратты тұтынушының назарына жеткізуге міндетті.

Сонымен қатар, Сатушы (дайындаушы, орындаушы) тауарды өткізу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) орнында уәкілетті органның және тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің байланыс деректерін (мекенжайы мен телефон нөмірін), сондай-ақ тұтынушының өзінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін оларға немесе сотқа жүгіну құқығы туралы ақпаратты орналастыруға міндетті.
Осыған байланысты тұтынушы өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сатушыдан аталған ақпараттарды сұратуға толық құқығы бар.

Өз құқықтарыңызды қорғап, сауатты тұтынушы болыңыз!

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қызылорда облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті. Тел: 8(7242) 23-50-72, 23-50-66. Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Абай даңғылы №52 ғимарат. Инстаграмм: dzppkyzylordaФейсбук: ДзппКызылорда

20 қазан 2021 ж. 391 0