Дүкенге мерзімі өткен тауарды түбіртексіз қайтару туралы

Занның 30 бабы 1-1 тармағына сәйкес, сатушы (өндіруші) мерзімі өткен, өнімнің техникалық регламент белгілеген талаптарына, нормативтік құжаттарына сай келмейтін, сонымен қатар зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауарды оның қолданылғандығына, тауарлық түрінің, тұтынушылық қасиеттерінің, пломбасының, затбелгісінің сақталмағандығына қарамастан, тауар сатып алынған мерзімнен 30 күн ішінде айырбастауға немесе сатып алынған тауар соммасын қайтаруға міндетті.
Өз құқықтарыңызды қорғап, сауатты тұтынушы болыңыз!
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қызылорда облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті. Тел: 8(7242) 23-50-72, 23-50-66. Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Абай даңғылы №52 ғимарат. Инстаграмм: dzppkyzylorda Фейсбук: ДзппКызылорда