Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордадан тағы 750 азамат әскерге аттанбақ

Қызылордадан тағы 750 азамат әскерге аттанбақ

Облыста азаматтарды күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары жалғасуда. Биылғы жылдың күзінде 750-ге жуық Сыр елінің жігіттері Отан алдындағы міндетін орындауға аттанады.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне 100-ге жуық азамат, ҚР Қарулы Күштері қатарына 350-ге жуық азамат әскерге жолданды. Қазіргі таңда ҚР Ұлттық Ұлан қызметіне 300-ге сарбаз аттандыруға жоспарлануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің тәрбие, идеологиялық және әскери-патриоттық жұмыстар басқармасының бастығы Алмат Жақыпов мәлімдеді.
«Азаматтарды жөнелту жұмыстары барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып жүргізілуде. Барлық аудандық, қалалық шақыру пункттерінде және облыстық жиын пунктінде санитарлық посттар қойылды. Санитарлық постқа арнайы медициналық маманымен қамтамасыз етілген. Әскери бөлімдерге елімізді қорғауға қабілетті, денсаулығы мықты, дене бітімі шыныққан, сауаты жеткілікті, моральдік-іскерлік қабілеті жоғары азаматтар жөнелтілетін болады», – деді Алмат Алмасұлы.Айта кету керек, медициналық комиссиялар толығымен тәжірибелі дәрігерлермен, экспертті жұмыстарда тәжірибесі мол мамандармен толықтырылды. Медициналық комиссияларға медициналық құрал-жабдықтар аудандық, қалалық және облыстық бюджет есебінен қамтамасыз етілді. Шақырылушыларды аудан орталығынан облыстық жиын пунктіне дейін тасымалдау жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Командаларды ауданнан облысқа жеткізу барысында қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілген.
Kyzylorda-news.kz
18 қараша 2021 ж. 240 0