ЖИТС – ғасыр дерті

Білім алушыларға ЖИТС-ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру мақсатында ұйымдастырылған шараның алғашқы күні білім алушыларға «ЖИТС-ке қарсы күресейік!» атты дәріс оқылды. ЖИТС дертітуралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ұрпақ санасын улаған ғасыр дертінің алдын алу мен күресу жолдары сөз етілді. Сонымен қатар білім алушылармен тренинг ұйымдастырылды. Тренинг аясында ситуациялық сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар алынды. Білім алушылардың ұтымды жауабы көпшілік көңілінен шықты. Сондай-ақ аяжаны А. Қосымбаева мен валеолог Ә. Бекмағамбетованың ұйымдастыруымен «Бүкіл әлемге тараған індет» атты танымдық сабақ, колледж психологы Ж. Ахметова «ЖИТС туралы не білеміз?» тақырыбында сауалнама алып, науқаспен қарым-қатынас жасаудың психологиялық маңызын түсіндірді. Бұдан бөлек, әр оқу тобында «ЖИТС- ғасыр обасы» тақырыбы аясында тәрбие сағаттары ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Білім алушылар өзекті мәселе бойынша өз ойларымен бөлісіп, қарапайым гигиеналық сақтық шараларының маңыздылығын есте сақтауға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Жадыра Тлеумбетова
Арал индустриалды-техникалық
колледжінің мұғалімі