Қауіпті дерттен сақ бол!

Бірінші жолы –жыныстық қатынас арқылы, екінші жолы – екіқабат әйелдерден балаға немесе жаңа туған нәрестеге, үшінші жолы – қан арқылы, нашақорлар арасында жиі кездеседі. Бұл дертке шалдыққан адамдарды емдеу үшін бір жылға 8-10 мыңға дейін АҚШ доллары қажет. Ағзаны толық вирустан тазартуға әлі ем жоқ, тек аурудың өмірін ғана ұзартуға мүмкіндік болып отыр.
ЖИТС-бұл жұқтырылған иммунитет тапшылығының синдромы
АИТВ/ЖИТС инфекциясының соңғы сатысы. Адам ағзасында пайда болған қоздырғаш имундық жүйенің маңызды клеткалары – лимфоциттерді жояды.Оларды Т4 хелпер деп атайды. Кез келген адам қанында бір текше миллилитрдың саны 800- ден 1200-ге дейін лимфоциттер болады. Егер бұл клеткалардың саны 500-ге төмендесе, адам әр түрлі қоздырғыштарды, микробтарды тез қабылдайды. ВИЧ көп жылдар бойы адам ағзасында өмір сүріп, оның алғашқы белгілері пайда болғанша басқа адамға жұғуы мүмкін. Көпиеген адамдар СПИД–ті өз басына төнеді деп ойламайды. Себебі қоздырғыш белгісі адам бойынан табылғаннан бастап ауру дамығанша 10және одан көп жылдар өтуі мүмкін. Қазірдің өзінде «Ғасыр дерті» 25 млн-ға жуық адамның өмірін үзді. Алапат аурудан бойды бойды аулақ ұстау мен өз денсаулығыңды, болашағыңды қорғауды ең сенімді, тура жолы – есірткіден бас тарту және бейберекет, кездейсоқ жыныстық қатынастан бойды аулақ салу. Тіпті, бір ғана жыныстық қатынасқа түсу, бір ғана инемен дәрі егу кез келген адамды қауіпті инфекцияны жұқтырып алуға апарып соқтыруы мүмкін. Қазіргі заманда әр адам өз денсаулығы үшін, өсіп келе жатқан ұрпағы үшін ойлануы керек.
Г.Жумагулова,
ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі
облыстық орталықтың Арал ауданындағы психоәлеуметтік
кеңес беру кабинетінің дәргері
ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі
облыстық орталықтың Арал ауданындағы психоәлеуметтік
кеңес беру кабинетінің дәргері